ТАРАЗДА БАҚТАРЫ ЖАНДЫ

Семей спорт академиясының еркін күрес бөлімінің шәкірттері Әулиеата жерінен жеңіспен оралды. Тараз қаласында еркін күрестен 2003 – 2005 жылы туған жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген жаттықтырушы Шоқан Нәдірбековты еске алуға арналған ашық республикалық турнир өтті. Тараз төріне төселген бозкілемге еліміздің үш қаласы, 14 облысынан және Қырғызстаннан 375 балғын балуандар келіп бақ сынады. Біздің шәкірттердің ішінде 41 келіде Дарын Әскербек, 45 келіде Дастан Қалқақ, 60 келіде Жеңіс Қаныбеков жеңістің биік тұғырынан көрінсе, 45 келіде Заңғар Қабылбеков қола медальға қол созды. Айтпақшы, бұл республикалық турнирге Шығыс Қазақстаннан 11 бала барған еді. Ал Семей спорт академиясының оқушыларын еркін күрес бөлімінің аға жаттықтырушысы Жанболат Мағзұмов бастап барды.
Семей спорт академиясының баспасөз қызметі.

Осыған ұқсас:

Пікір жазу