• Мектеп жайлы
    • Үздік бапкерлер
    • Қазақстан құрама командалар мүшелері
    • Лагерь тынысы
    • БАҚ біз туралы
  • Спорт жаңалықтары
    • Жатақхана жаңалықтары
    • Біздің мақтаныштар
  • Видеотоптама
  • Фотогалерея
  • Мемлекеттік сатып алу
    • Келісім-шарттар
    • Конкурс нәтижелері
    • Хабарландыру
    • Жоспарлар
  • Қазақ тіліҚазақ тілі
    • РусскийРусский
    • EnglishEnglish
"Семей" спорт академиясы
  • Желтоқсан 12th, 2019
  • Мектеп жайлы
    • Үздік бапкерлер
    • Қазақстан құрама командалар мүшелері
    • Лагерь тынысы
    • БАҚ біз туралы
  • Спорт жаңалықтары
    • Жатақхана жаңалықтары
    • Біздің мақтаныштар
  • Видеотоптама
  • Фотогалерея
  • Мемлекеттік сатып алу
    • Келісім-шарттар
    • Конкурс нәтижелері
    • Хабарландыру
    • Жоспарлар
  • Қазақ тіліҚазақ тілі
    • РусскийРусский
    • EnglishEnglish
Home
БАҚ біз туралы

РЕСЕЙ ТӨРІНДЕ ӘНҰРАНЫМЫЗДЫ ӘУЕЛЕТТІ

Мамыр 30th, 2017 comments 108

«Қыздың қырық жаны бар» дейміз ғой. Сол қырық жанның нәзік болатынын кейде естен шығарып жатамыз. Жандары нәзік жаратылғанымен, ел басына күн туғанда ерлердей атқа қонып, ел іргесін жауға таптатпаған ержүрек аналарымызды тарихтан білеміз. Сондай ерліктің жұрнағы қанында қайнап тұрған қазіргі қазақ қыздары да осал емес. Соның бір дәлеліндей, жерлесіміз Назгүл Елмұратова Ресейдің Орынбор қаласында Әнұранымызды әуелетті. 13-14 мамыр аралығында  Ресейдің Орынбор қаласында  дзюдодан Еуропа кубогын сарапқа салған халықаралық жарыста Назгүл Елмұратова қарсылас шақ келтірмей Еуропа чемпионы атанды. Жеңіс тұғырынан көрінген Назгүлді жүлдесімен құттықтап, ғаламтор арқылы сұхбаттасқан едік. Себебі, туған елге ол 20 мамыр күні бір-ақ келеді.

Самбо мен дзюдодан спорт шебері, самбодан Азия чемпионы Назгүл Елмұратова жақында ғана КСРО-ның спорт шебері, бүкілодақтық дәрежедегі судья, жоғары дәрежедегі жаттықтырушы-оқытушы Батырбек Сейсенбаевты еске алуға арналған ХХ халықаралық турнирде I орынды қанжығалаған еді. Көп ұзамай қоржынына тағы да бір алтын түсті. Салмағы да, жүгі де ауыр «Еуропа чемпионы» атағы. Он бес мемлекеттің дзюдошылары бап пен бақтарын сынаған додада Назгүлге жеңіске жету оңайға соқпаған. Әлем чемпионатының III орын иегері канадалық Мари Бессонды («вазари») жартылай ұтса, келесіде ресейлік Анастасия Гомозкова мен Алевтина Гаитоваларға мықтылығын танытып, Назгүл (52 кг.) ақтық сынға жолдама алады. Финалда ресейлік Дарья Бобрикованы («иппон») таза жеңіп, жарыстың алғашқы күнінде-ақ Еуропа чемпионы атанды. Қазақстан қоржынына бір алтын медальді салды.

– Кез-келген спортшы жарысқа жеңем деп барады. Жеңіске деген құлшыныс болмаса, ешқашан биіктен көріне алмайсың. 2015 жылы Азия чемпионы атанған едім. Араға екі жыл салып Еуропа чемпионы атандым. Ендігі мақсатым Әлем чемпионы болу. Тәуелсіз елімнің көк байрағын биікке көтеріп, Әнұранын әуелету арманым еді. Аталмыш чемпионатта осы арманым орындалды. Шетелде Әнұранымыз ойнағанда ерекше толқыныста болдым. Сезімімді сөзбен айтып жеткізе алмаймын,- деп Еуропа чемпионы Назгүл Елмұратқызы қуанышымен бөлісті.

Енді Назгүлдің спорттағы өрлеуіне тоқталсақ. Қыз баланың спортты таңдауы ешқашанда кездейсоқ болмайды. Себебі, бұл шешім жеті рет өлшеніп, бір рет кесілетін дүние. Назгүл – спортшылар әулетінен шыққан қыз. Алдымен әкесі Елмұрат Елубаев Назгүлдің спортқа деген қызығушылығын оятса, ол қызығушылықтың өмірлік мәніне айналуына ағалары семейлік белгілі спортшылар Дастан мен Рүстем Ықыбаевтар себепкер болды. Аға ізін жалғаған Назгүлдің туған бауыры Еркебұланның таңдауы да дәл осы спорт түріне түсіпті. Назгүл алғаш спортқа қадам басқанда Рүстем Ықыбаев жаттықтырса, бүгінде  ҚР Еңбегі сіңген жаттықтырушы Мерейғалы Көшкіновтің шәкірті.

Спортпен тұрақты түрде айналысып келе жатқанына он бір жылдан асқан ару болашақта да спорттан қол үзбек емес. «Әр адам жанына жақын саланы таңдайды ғой. Менің мінезіме, болмысыма жақыны осы спорт болды. Әрі әкем мен ағаларыма ұқсағым келді. Олардың жеткен жетістіктеріне қызыға қарап, мен де «ағаларымдай боламын» дейтінмін. Есімдері тек Семейге емес, бүкіл елімізге танымал Дастан Ықыбаев пен Еркебұлан Қосаев ағаларды үлгі тұтамын. Адам тек қызығып қоймауы керек, талпына білуі керек. Еңбектену керек. Ал спорт еңбек пен төзімді қажет етеді», – деді.

Арманы асқақ ару Назгүлге жемісті де, жеңісті күндер тілейміз!

Айжан ТОҚТАСЫНҚЫЗЫ, «Ертіс өңірі» газеті

 

 

Бөлісу:

Facebook Twitter Google+ LinkedIn Pinterest

Осыған ұқсас:

«ЕЛБАСЫ – ЕЛДІҢ ТІРЕГІ»
Қараша 25th, 2018

«ЕЛБАСЫ – ЕЛДІҢ ТІРЕГІ»

Семейде самбодан Қазақстан кубогі өтті
Қазан 29th, 2018

Семейде самбодан Қазақстан кубогі өтті

ӘЛЕМ КУБОГЫ КЕЗЕҢІ: семейлік самбошылар 8 жүлдемен оралды
Шілде 12th, 2017

ӘЛЕМ КУБОГЫ КЕЗЕҢІ: семейлік самбошылар 8 жүлдемен оралды

ЧЕМПИОНАТ АЗИИ:  в нашей копилке – 7 медалей!   
Шілде 3rd, 2017

ЧЕМПИОНАТ АЗИИ: в нашей копилке – 7 медалей!  

АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫ-2017: еншімізде – 7 медаль!
Шілде 3rd, 2017

АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫ-2017: еншімізде – 7 медаль!

«BASTAU EXPO-2017» Республикалық турнирінен оралды
Маусым 27th, 2017

«BASTAU EXPO-2017» Республикалық турнирінен оралды

Пікір жазу

БӨЛІМДЕР

%d0%b0%d1%82-%d1%81%d0%bf%d0%be%d1%80%d1%82%d1%8b


%d0%b1%d0%be%d0%ba%d1%81


%d0%b2%d0%b5%d0%bb%d0%be%d1%81%d0%bf%d0%be%d1%80%d1%82


%d0%b2%d0%be%d0%bb%d0%b5%d0%b9%d0%b1%d0%be%d0%bb


%d0%b3%d1%80%d0%b5%d0%ba


%d0%b4%d0%b7%d1%8e%d0%b4%d0%be


%d0%b5%d1%80%d0%ba%d1%96%d0%bd-%d0%ba%d1%83%d1%80%d0%b5%d1%81


%d0%ba%d0%b0%d0%b7%d0%b0%d0%ba%d1%88%d0%b0-%d0%ba%d1%83%d1%80%d0%b5%d1%81


%d1%81%d0%b0%d0%bc%d0%b1%d0%be


%d1%82%d0%b0%d1%8d%d0%ba%d0%b2%d0%be%d0%bd%d0%b4%d0%be

  • Click here - to select or create a menu

Statistics

Яндекс.Метрика

Байланысымыз:

«Семей қаласы бойынша №1 ШҚО Олимпиадалық резерв мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» КММ
Біздің мекен-жайымыз:
ШҚО, Семей қаласы, Дастенов көшесі 34А
Байланыс телефондары:
8 7222 53 10 90
8 7222 36 05 06
е-mail: gu_odyussh@mail.ru

Наши контакты:

КГУ «Восточно-Казахстанская областная специализированная детско-юношеская спортивная школа олимпийского резерва №1 по г. Семей» управления физической культуры и спорта ВКО
Наш адрес:
ВКО, ул.Дастенова 34А
Контактные телефоны:
8 7222 53 10 90
8 7222 36 05 06
е-mail: gu_odyussh@mail.ru

Сайт мұрағаты: