• Мектеп жайлы
    • Үздік бапкерлер
    • Қазақстан құрама командалар мүшелері
    • Лагерь тынысы
    • БАҚ біз туралы
  • Спорт жаңалықтары
    • Жатақхана жаңалықтары
    • Біздің мақтаныштар
  • Видеотоптама
  • Фотогалерея
  • Мемлекеттік сатып алу
    • Келісім-шарттар
    • Конкурс нәтижелері
    • Хабарландыру
    • Жоспарлар
  • Қазақ тілі Қазақ тілі
    • Русский Русский
    • English English
"Семей" спорт академиясы
  • February 17th, 2019
  • Мектеп жайлы
    • Үздік бапкерлер
    • Қазақстан құрама командалар мүшелері
    • Лагерь тынысы
    • БАҚ біз туралы
  • Спорт жаңалықтары
    • Жатақхана жаңалықтары
    • Біздің мақтаныштар
  • Видеотоптама
  • Фотогалерея
  • Мемлекеттік сатып алу
    • Келісім-шарттар
    • Конкурс нәтижелері
    • Хабарландыру
    • Жоспарлар
  • Қазақ тілі Қазақ тілі
    • Русский Русский
    • English English
Home
БАҚ біз туралы

Семейде самбодан Қазақстан кубогі өтті

October 29th, 2018 comments 24

Семейде самбодан Қабанбай батырдың мемориалдық сайысы өткізіліп, ел Кубогі сарапқа түсті. 19-шы мәрте жалауы желбіреген турнирге Астана, Алматы және Шымкент қалалары мен 14 облыстан 250-ден аса палуан жиналды.

Дәстүрлі доданың жылма-жыл өрісі кеңейіп, маңыздылығы артып келеді. Бұған елдегі самбо күресінің жолға қойылуы мұрындық болып отыр. Сондай-ақ, ел саңлақтарының жаһандық бәсекелердегі нәтижелеріде көңілге сенім ұялатады. Әйтсе де кейбір спорт түрлерінің жандануымен самбоның тысада қалып қойғаныда жасырын емес. Бұл әуелі ұлттық қазақ күресі, сондай-ақ олимпиадалық дзюдо спортының қарқын алуымен байланысты. Мұны самбо федерациясыда жасырмайды. Оны ілгерілету үшін тиісті жұмыстар қолға алыныпты.

-Бұл 19 жыл бойы үзілмей келе жатқан ірі сайыстардың бірі. Жыл соңы болғанына қарамастан Семейге 16 команда келді. 254 спортшы күш сынасады. Турнир жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Араларында әлем және Азия чемпионатының жүлдегерлеріде жетерлік. Осы ретте ұйымдастырушыларға алғысымызды білдіреміз. Неге десеңіз, кейбір өңірлерде самбоның секциялары жабылып қалған. Өйткені олимпиадалық спорт түріне жатпағандықтан оған көңілде дұрыс бөлінбейді. Бірақта Семейде жағдай басқаша. Мұнда керісінше самбоға ден қойған жастар баршылық. Бұл қуантарлық жағдай. Биыл Джакартада өткен жазғы Азия ойындарында екі самбо шебері алтын алды. Оның біреуі шығысқазақстандық спортшы, – деп атап өтті ҚР самбо федерациясының бас хатшысы Қаймен Есендияров.

Белдесулер 9 салмақта өрбіді. Айта кету керек, ерлер мен бірге қыздар да боз кілемде иық тіресті. Нәтижесінде шығыс саңлақтары келесідей салмақтарда топ жарды. 62 келіде  Маратбек Рахметоллин өзінің мықтылығын дәлелдеді. 74 келіде Шалқыбек Рахметоллаевқа тең келер жан табылған жоқ. Сол сияқты 100 келіден жоғары салмақта Ерахмет Хасенов алтыннан алқа тақты. Нәзік жандылардың сапынан тек Зарина Сарипова жоғары нәтижеге жетті. 64 келіде күш сынасқан бұрымды, күміспен күптелді. Осылайша командалық есепте Шығыс құрамасы өзге аймақтардың алдын орады. Тағы бір айта кетерлігі, дәл осы турнирден Шалқар Жоламанов, Зере Бектасқызы, Ерасыл Қажыбаев сынды дарынды палуандар шыңдалып шыққан.

Жақсылық Сүлейменов

https://kaz.altaynews.kz/archives/43842

Бөлісу:

Facebook Twitter Google+ LinkedIn Pinterest

Осыған ұқсас:

ТАРАЗДА ТОП ЖАРДЫ
February 14th, 2019

ТАРАЗДА ТОП ЖАРДЫ

ЕРЛІКТЕРІ ЕЛ ЖАДЫНДА МӘҢГІЛІК
February 11th, 2019

ЕРЛІКТЕРІ ЕЛ ЖАДЫНДА МӘҢГІЛІК

БАЛҒЫН БАЛУАНДАР БОЗКІЛЕМДЕ
January 28th, 2019

БАЛҒЫН БАЛУАНДАР БОЗКІЛЕМДЕ

ЖЫЛДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ
January 21st, 2019

ЖЫЛДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ

ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНА ЖОЛДАМА АЛДЫ
January 21st, 2019

ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНА ЖОЛДАМА АЛДЫ

ЕРКЕБҰЛАННЫҢ ШӘКІРТТЕРІ ЕРЛЕДІ
December 29th, 2018

ЕРКЕБҰЛАННЫҢ ШӘКІРТТЕРІ ЕРЛЕДІ

Пікір жазу

Бөлімдер

%d0%b0%d1%82-%d1%81%d0%bf%d0%be%d1%80%d1%82%d1%8b
%d0%b1%d0%be%d0%ba%d1%81
%d0%b2%d0%b5%d0%bb%d0%be%d1%81%d0%bf%d0%be%d1%80%d1%82
%d0%b2%d0%be%d0%bb%d0%b5%d0%b9%d0%b1%d0%be%d0%bb
%d0%b3%d1%80%d0%b5%d0%ba
%d0%b4%d0%b7%d1%8e%d0%b4%d0%be
%d0%b5%d1%80%d0%ba%d1%96%d0%bd-%d0%ba%d1%83%d1%80%d0%b5%d1%81
%d0%ba%d0%b0%d0%b7%d0%b0%d0%ba%d1%88%d0%b0-%d0%ba%d1%83%d1%80%d0%b5%d1%81
%d1%81%d0%b0%d0%bc%d0%b1%d0%be
%d1%82%d0%b0%d1%8d%d0%ba%d0%b2%d0%be%d0%bd%d0%b4%d0%be
  • Click here - to select or create a menu

Статистика

Яндекс.Метрика

Байланысымыз:


«Семей қаласы бойынша №1 ШҚО Олимпиадалық резерв мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» КММ
Біздің мекен-жайымыз:
ШҚО, Семей қаласы, Дастенов көшесі 34А
Байланыс телефондары:
8 7222 53 10 90
8 7222 36 05 06
е-mail: gu_odyussh@mail.ru

Наши контакты:


КГУ «Восточно-Казахстанская областная специализированная детско-юношеская спортивная школа олимпийского резерва №1 по г. Семей» управления физической культуры и спорта ВКО
Наш адрес:
ВКО, ул.Дастенова 34А
Контактные телефоны:
8 7222 53 10 90
8 7222 36 05 06
е-mail: gu_odyussh@mail.ru

Сайт мұрағаты: