Алматы облысының Кербұлақ ауданына қарасты Сарыөзек ауылында самбо күресінен «Самбо» күніне арналып 2005 – 2007 жылы туған жасөспірімдер арасында республикалық ашық турнир өтті. Оған Семей спорт академиясының балғын самбошылары қатысып, жақсы нәтижелерге қол жеткізді. Атап айтқанда, 50 келіде Еркебұлан Рахыжанов, 46 келіде Парасат Солтанғазы 1 орын алса, 65 келіде Шыңғыс Садабаев 2 орын, 42 келіде күрескен Аслан Сапарғали мен 46 келіде белдескен Нұрәлі Аралбек 3 орыннан көрінді.
Семей спорт академиясының баспасөз қызметі.
