Шымкент қаласында еркін күрестен 2006 – 2007 жылы туған кіші жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Ел чемпионатына Жақсылық Үшкемпіров атындағы Семей спорт академиясының спортшылары да қатысып, екі алтын, екі қола жүлде жеңіп алды. 52 келіде Ералы Жеңісов пен 62 келіде Алмас Сабыр чемпион атанды. 41 келіде Ералы Әскербек, 48 келіде Аллан Оралбек үшінші орыннан көрінді. Ал қыздар арасында – Ақбота Закисханова 2 орын, Махаббат Тайгулинова 3 орын алды.





Жақсылық Үшкемпіров атындағы Семей спорт академиясының баспасөз қызметі.