Жақсылық Үшкемпіров атындағы спорт мектебінде грек-рим күресінен қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада, Әлем чемпионы, «Қазақстанның Еңбек Ері» Жақсылық Үшкемпіровті еске алуға арналған грек-рим күресінен жасөспірімдер U 15 арасында республикалық турнир өтті. Турнирге еліміздің әр түкпірінен 250-ге жуық балғын балуан қатысып, 12 салмақ дәрежесінде (38, 41, 44, 48, 52, 57, 62, 68, 75, 85, 95, 110 келі) бақ сынады. Нұр – Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облысы, Шығыс Қазақстан облыстарынан келген жеткіншектер жарыстың көрігін қыздыра алды. Айта кетейік, бұл турнирге Жамбыл, Алматы облысындағы, Семей қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы спорт мектептері өздері команда болып қатысты. Жарысқа Олимпиада чемпионы Юрий Мельниченко, Әлем чемпионы Бақтияр Байсейтов арнайы келді. Балғын балуандардың бозкілемдегі беталысын байқады. Бұл турнирдің мақсаты да сол, болар балалардың белін буып, алғашқы қадамдарына байқау болатын. Екі күнге жалғасқан жарыста жеңімпаз атанып, жүлде алғандарға арнайы сыйлықтар да табысталды.





Жақсылық Үшкемпіров атындағы спорт мектебінің баспасөз қызметі.